Нигерияда фермерлер мен жартылай көшпенді бақташылар арасында қақтығыс болып, 86 адам қаза тапты. Қанды оқиға елдің орталығындағы Платео провинциясында болған. Ауыл тұрғындары азайып бара жатқан құнарлы жерге таласып, жанжалдасты.
Вице-президент Йеми Осинбайо мәлімдеме жасап, трагедияны «қатты айыптауға тұрарлық әрекет» деп атап, кінәлілерді жазалайтынын ескертті.
«Рейтердің» есебінше, Нигерияның орталығындағы штаттарында адамдар діни радикалдардың шабуылдарынан гөрі, зорлық-зомбылықтардан көбірек өледі.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.