Грекияның екінші ірі қаласы - Салоникиде 5 мыңнан астам адам шеруге шықты. Олар көршілес Македония мемлекетінің атауын өзгерту туралы келісімге қарсы. Наразылық акциясына ұлтшылдар жиналған. Олар Македонияны Солтүстік Македония Республикасы деп өзгертуді қолдамай отыр.
Македонияның өзінде де осындай шерулер өтіп жатыр. Айта кетсек, маусымның 17-де Грекия мен Македония бұрынғы Югославия Республикасын басқаша атауға келіскен еді. Бұл қадам Македонияның ЕуроОдаққа мүше болуын жеделдетуі тиіс. Ал, гректер Македония деп аталатын аудандарды енді көршілес мемлекетпен бұдан былай шатастырмайтын болды.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.