Сауд Арабиясында маусымның 24-і, яғни, алдағы жексенбіде әйелдер алғаш рет көлік жүргізе бастайды. Сөйтіп, оларға ондаған жылдар бойы «темір тұлпардың» тізгінін ұстауға тыйым салған заң өз күшін жойды.
Қазір нәзік жандылардың жол ережелерін бұзбауын бақылайтын арнайы әйел инспекторлар дайындықтан өтіп жатыр. Олар әйелдердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының мән-жайын анықтауға қатысады. Сонымен қатар, жуырда корольдікте жол ережесін сақтамаған әйелдерді қамау орталықтары ашылмақ.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.