«Ақтау теңіз порты» еркін экономикалық аймағы 2 мың гектар жерді алып жатыр. 7 субъективті аумаққа бөлінген. 3-іншісінде инфрақұрылым мен теміржол желісі толық жасақталған.
Мұнда кәсібін ашқандар жер, кеден және баж салығы төлемдерінен босатылады. Әрі 10 жыл жалға беру ақысын төлемейді.
Осындай мүмкіндіктен болар қазір мұнда 5 іргелі кәсіпорынның жұмысы жанданған. Солардың бірі-Ақтау полимер зауыты. Өндіріс ошағы су,жылу, газ, кәріз жүйесіне қажетті құбырлардың 130 түрін шығарады.
Еркін экономикалық аймақта желтоқсан айында ірі 5 зауыт іске қосылады, деп күтілуде.
Жазира ӘБІЛ