Әлемде 66 млн-ға жуық адам үйлерін тастап кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде 66 млн-ға жуық адам үйлерін тастап кеткен

19.06.2018

Былтыр әлемде 65,5 миллион адам соғыстардан, зорлық-зомбылықтардан, қудалаудан қашып, үйлерін тастап кеткен. Бұл – бес жыл бойы қайталанып келе жатқан рекорд. Мұны бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар жөніндегі жоғары коммисары Филиппо Гранди мәлімдеді.

66 миллионға жуық адамның 16 миллион 200 мыңы  2017 жылы бас  сауғалаған жаңа босқындар. Яғни, өткен жылы дүниежүзі бойынша күніне 44 мың адам үйлерін күшпен кетірілген.

Айта кетсек, бұл баяндама Босқындардың халықаралық күніне орай жарияланып отыр. Ол күн ертең аталып өтеді.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу