Ауғанстанда жүздеген адам бейбітшілік шеруімен ел астанасы Кабулға шаршап-шалдығып жетті. Олардың арасында мұғалімдер, студенттер, соғыста жараланған адамдар бар. Бұл шараның басталуына наурыздың 23-де болған қанды оқиға себепші. Сол күні Гельмандта бомба жарылып, 14 адам қаза тапқан еді. Рамазан айына дейін маршқа қатысушылар күніне 30-35 шақырым жаяу жүрген. Ал, Ораза кезінде шеру қашықтығы 20-25 шақырымға дейін қысқарды. Бейбіт өмірді насихаттаушылар аптап ыстықта «Талибанның» бақылауындағы соғыс өрті шарпыған аудандардан да өткен.
Земарай Заланд, бейбітшілік маршына қатысушы:
- Біз үкіметті де, тәліптерді де бейбітшілікке апаратын жол іздеуге шақырамыз. Жүрегімізде соғыс түсірген жара бар. Әскери жанжалдардан халық та жаралы. Бір ымыраға келіп, елімізде біржола тыныштық орнаса екен деп тілеймін.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.