АҚШ-тың Гавай аралдарында Килауэ жанартауының атқылап жатқанына 45 күн болды. Отты таудан тасыған лава төменге өзен болып ағып жатыр. Қып-қызыл шоқ тарам-тарам болып, таяуда теңізге де құйылған. Соның салдарынан бу көтеріліп, қышқылды жаңбыр жауды. 6 апта бұрын оянған жанартау 600 үйді қиратып, жақын маңдағы тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшуге мәжбүр еткен. Сонымен қатар, таудың өзінде 20-дан астам жарықшақ пайда болған. Олардың көлемі көбейіп бара жатқан көрінеді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.