Грекия мен Македония Македонияның атауын Солтүстік Македония деп өзгерту туралы тарихи келісімге қол қойды. Осылайша, көпке созылған дипломатиялық дау шешіледі деген үміт пайда болды.
Бұрынғы Югославия ыдырағаннан кейін басталған дау 27 жыл бойы екі ел арасындағы қарым-қатынастарды шиеленістіріп, Македонияның НАТО мен Еуропа Одағына кіруіне кедергі келтірді.
Бірақ, Македонияның жаңа атауын әлі грек және македон парламенттері мақұлдап, македониялықтар оны референдумда дауысқа салуы керек.
Ал, Скопьеде Македонияның атауын өзгертуге қарсы шеру өтті. Парламент алдына жиналған жұрт пиротехникалық заттар қолданған. Соның салдарынан жеті полицей зардап шекті. Жанжалды басу үшін тәртіп сақшылары көз жасаурататын газ шашуға мәжбүр болған. Акция кезінде 25 адам қамауға алынды.
Мадина РАХЫМБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.