Боливияның Лас-Пас қаласындағы шеру кезінде 5 адам жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Боливияның Лас-Пас қаласындағы шеру кезінде 5 адам жараланды

15.06.2018

Боливияның Лас-Пас қаласында студенттер полициямен қақтығысып, 5 адам жараланды. Көшеде үш сағатқа созылған тәртіпсіздіктер кезінде полиция шерулетіп жатқан жастарды тарату үшін газ қаруын қолданып, су шашқан. Студенттер тәртіп сақшыларын молотов коктейлдерімен шабуылдады.

Бұған қоса, демонстранттар үкіметтік ғимараттарға тас пен жарылғыш заттар лақтырған. Боливияда студенттердің наразылық акциясы бірнеше аптаға ұласты. Олар университет профессорлары және өзге де белсенділермен бірлесіп, кедей отбасынан шыққан студенттер оқитын жоғарғы оқу орындарына бөлінетін қаражатты 20 млн. долларға өсіруді талап етіп келеді.  

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу