Қытайдың бірқатар аудандарында жауын құйып, бұршақ жауды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдың бірқатар аудандарында жауын құйып, бұршақ жауды

14.06.2018

Соның салдарынан көшелерде көлік қатынасы қиындап отыр. Синоптиктердің хабарлауынша, аспан алдағы үш күнде де ашылмайды. Сонымен қатар, 26 елді мекен мен қалаға жаңбыр жауатыны ескертілген.

Бұршақ пен нөсер Гуандунь, Гуанчжоу, Цияньхи, Шандунь, Хэбэй провинциялары мен Ішкі Моңғолия автономиялық аймағының бірқатар аудандарын әбігерге салып отыр.

Кейбір көшелерде ірі бұршақтың соққысынан бірнеше автокөлік зақымданған.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу