Араб коалициясы портқа шабуыл жасамақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Араб коалициясы портқа шабуыл жасамақ

13.06.2018

Сауд Арабиясы бастаған араб коалициясы Йеменнің Ходейда портын алуға әзірленіп жатыр. Бұл үш жылдық соғыстағы ең үлкен шайқас болуы мүмкін.

Одақтастардың өкілдері бірлескен әскердің Ходейдаға жақындап қалғанын осыдан бірнеше күн бұрын мәлімдеді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының болжамынша, операция барысында 250 мыңдай адам қырғынға ұшырауы мүмкін.

Айта кетсек, бұл порт - Иранға жақтас шиит-хуситтердың қолында. Оны қайтару науқанына Батыс пен сүнниттік Саудияға арқа сүйеген үкімет армиясының жауынгерлері жұмылдырылып отыр.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу