Дональд Трамп Ақ үйде ауызашар берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дональд Трамп Ақ үйде ауызашар берді

07.06.2018

АҚШ президенті Дональд Трамп алғаш рет Ақ үйде ауызашар берді. «Бұл ифтар әлемнің барлық мұсылмандарына арналады. Рамазан айы мүбарак болсын. Осы жерге жинала отырып, біз дүниенің ұлы діндерінің біріндегі қасиетті дәстүрге құрмет білдіріп отырмыз», - дейді 45-ші президенті.

Айта кетсек, Трамп ауызашарды Иерусалимді Израильдің астанасы деп жариялап, оған Америка елшілігін көшіріп, арабтарды қатты ашындырғаннан кейін бірнеше апта өткенде беріп отыр.

Палестиналықтар Иерусалимнің шығысын өздерінің болашақ мемлекетінің астанасы деп есептейді.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу