Грекияда өткен митингке мыңдаған адам қатысты. Шерушілер бұрынғы Югославия республикасы Македонияның конституциялық атауын өзгертуді талап еткен. Өйткені, Грекияда Македония деп аталатын облыс бар. Аралдық мемлекет тұрғындары осы екеуін шатастырып алмас үшін көршілес республикаға басқа атау берген дұрыс деп санайды.
Айта кетсек, бұл мемлекетте елдің жаңа атауына қатысты келісім жуырда жасалмақ. Әлемнің 142 мемлекеті бұрын Югославия құрамында болған республиканы «Македония» деген атпен мойындайды. Алайда, Грекиямен арадағы келіспеушілікке орай, бұл ел Еуроодақ пен НАТО-ға кіре алмай отыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.