Парижде Ван Гог картинасы 8,27 млн долларға сатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парижде Ван Гог картинасы 8,27 млн долларға сатылды

05.06.2018

Парижде Ван Гогтың «Құмды төбеде балық аулайтын торды жөндеп отырған әйел» атты картинасы аукционда 7 млн. еуроға сатылды. Бұл туралы «Art Curial» аукцион үйі мәлімдеді.

Голландиялық суретшінің бұл туындысы 20 жылда алғаш рет сатылымға қойылып отыр. Ал, сатылмас бұрын ол Амстердамдағы Ван Гог мұражайында 8 жыл бойы сақталып келді. Бастапқыда ұйымдастырушылар картинаны 3 млн. еуроға бағалаған еді. Құнды туындысын Ван Гог 1882 жылы Голландияда салған. 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу