Тунистің оңтүстік-батысындағы Сфакс провинциясы жағалауларында суға батқан мигранттардың саны 48-ге жетті. Бұл жайында «Рейтер» агенттігі хабарлап отыр.
Әуелде құтқару қызметі 37 адамның мәйітін тапқаны туралы ақпар таратылған болатын. Одан бөлек, елдің Әскери теңіз күштері мен Ұлттық гвардия сарбаздары 67 адамды құтқарған.
Құрдымға кеткен балық аулау қайығынан апат белгісі маусымның 2-де жергілікті уақыт бойынша сағат 22-45-те түскен еді.
Мадина РАХЫМБЕК