Кения астанасы Найробиде жүздеген адам шерулетіп жатыр. Демонстранттар елде жемқорлықтың кең тарауына наразы. Айта кетсек, бұл африкалық мемлекет «Transparency International»-дің жемқорлық кең тараған елдер тізімінде 143-ші орында тұр. Ал, Президент Ухуру Кениата жемқорларға қарсы күресті баяу жүргізгені үшін халықтың сынына ұшырап отыр.
Соңғы кездері Кенияда коррупциялық дау-дамайлар көбейіп кетті. Мәселен, осы аптаның өзінде мұнда 24 ресми тұлға 80 миллион доллардың ұрлануына қатысы бар деген күдікке ілінді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ