Грекияда бюджетті үнемдеу шараларына қарсы акция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грекияда бюджетті үнемдеу шараларына қарсы акция өтті

30.05.2018

Афиныда бүгін жалпыұлттық ереуіл. Халық үкіметтің бірнеше жылдан бері жүргізіп жатқан қатаң үнемдеу саясатына наразы.

Ең ірі кәсіподақтар ұйымдастырған акцияға әуедиспетчерлер, порт жұмысшылары, қоғамдық көлік қызметкерлері, студенттер және зейнеткерлер жиналған. Соның салдарынан бірқатар авиа рейстер доғарылып, кемелер сапарға шықпады. Автобустар мен троллейбустар да жүрген жоқ.

Шерудің мақсаты – халық тұрмысының төмендеп бара жатқанына және айлықтың аздығына биліктің назарын аудару.

Грекияда қаржы-экономикалық дағдарыстың алғашқы белгілері 2009 жылы байқалды. Ол кезде бюджет тапшылығы 13 пайызға жеткен болатын. Содан бері Афины Халықаралық валюта қорынан және Еуропа одағынан жүздеген миллиард еуро қарыз алып, қатаң үнемдеу шараларын енгізуге мәжбүр болды.

 

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу