Италия президенті Серджо Маттарелла экономист Карло Коттареллиді уақытша премьер-министр лауазымына тағайындады. Сондықтан, алдағы уақытта елде өтпелі үкімет құрылып, жаңа парламенттік сайлауға дейін жұмыс істейтін болады.
Үкімет басшысы қызметін уақытша атқаратын Карло Коттарелли ұзақ уақыт бойы Халықаралық валюта қорында еңбек еткен. Оның Брюссельдегі шенеуніктермен тығыз байланысы бар. Коттарелли еуроны және қатаң үнемдеу режимін сақтап қалуды қолдайды екен.
Мадина РАХЫМБЕК