Испанияда отшашу сақталған баспаналардың бірінде жарылыс болды. Одан қаза тапқандардың саны түрлі мәліметтерге қарағанда 4-ке жетуі мүмкін. «Рейтер» 1 адамның құрбан болғанын хабарлады.
Бұған қоса, 27 адам жараланған. Жарылыстың күшті болғаны соншалық, одан жақын маңда тұрған үйлер мен көліктерге зақым келіп, орманда өрт тұтанған. Жараланғандардың арасында балалар да бар. Олардың кейбіреуі ауыр халде жатыр. Пиротехника жарылған үйдің қожайыны ұсталды. Ол полицияның сұрақтарына жауап беріп жатыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.