Оңтүстік Кореяның экс-президенті тергеуге жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Кореяның экс-президенті тергеуге жеткізілді

23.05.2018

Оңтүстік Кореяның экс-президенті Ли Мен Бак Сеулдің Орталық аудандық сотының алғашқы отырысына жеткізілді. Елді 2008-2013 жылдары басқарған Бак жемқорлықпен айналысып, 10,5 миллион долларға жуық пара алды деп айыпталып отыр. Сол үшін бұрынғы мемлекет басшысы наурыз айында қамалды.

Сонымен қатар, прокуратура Ли Мен Бактың банктегі шоттарын тұтқындауды да талап етпек. Алада, айыпталушы өзіне тағылған кінәні мойындамай отыр.

Айта кетсек, Бак - Оңтүстік Корея тарихында істі болған төртінші экс-президент.

 

Мадина РАХЫМБЕК  

Хабарламаларға жазылу