Францияда мемлекеттік қызметкерлер шерулетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда мемлекеттік қызметкерлер шерулетті

23.05.2018

Президент Эммануэль Макронның әлеуметтік шығындар мен 120 мың жұмыс орнын қысқарту жоспарына қарсы манифестациялар елдің 140 қаласында ұйымдастырылған. Полиция деректерінше, Париждің өзінде ғана көшелерге 16 мыңдай адам шықты. Акция соңы тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласып, ақыры 17 адам қамауға алынып, бірнеше дүкен шынылары сынған, аялдамалар қираған. Әскерилер шерушілерді басу үшін көз жасаурататын газ бен су атқыштарды пайдаланды. Біраздан соң ашынған топ таратылған.

 

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу