Палестиналықтар автономияның барлық территорияларында шеруге шығып жатыр. Айта кетсек, өткен тәулікте Израиль жауынгерлері оларға оқ жаудырып, 58 адамды мерт қылып, 2700-ін жаралады.
Палестиналықтар еврей мемлекетінің қол астына өтіп кеткен ата-бабаларының жерін қайтаруды талап етіп жатыр.
1948 жылы Израиль құрылғанда жүздеген мың араб туған жерінен, дүние-мүлкінен айырылып, көрші елдерге босып кетті. Сондықтан, палестиналықтар мамырдың 15-ін «Нақба», яғни, «Апат» күні деп атайды.
Сонымен қатар, кеше шерушілер Иерусалимде АҚШ елшілігінің ашылуына да наразылық білдірді.
Вашингтон мен Израиль үкіметі дүйсенбі күні ондаған палестиналықтың өліміне себеп болған зорлық-зомбылықты «Хамас» қозғалысы қоздырды деп мәлімдеп отыр.
Арыстан РЫСБЕК