Солтүстік Корея  Пхунгери ядролық полигонын бұзуға кірісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Корея  Пхунгери ядролық полигонын бұзуға кірісті

15.05.2018

Солтүстік Корея өзінің солтүстік-шығысындағы Пхунгери деген ядролық полигонын бұзуға кірісті.  Мұны дүйсенбі күні АҚШ-тың Джон Хопкинс университетінің зерттеу тобының мамандары хабарлады.

Мамырдың 12-де Солтүстік Корея сыртқы істер министрлігі бұл полигонның ресми түрде жабылу салтанатының мамырдың 23-25 күндері аралығында өтетіні мәлімдеді. Ол рәсімге Ресей, Ұлыбритания, Қытай, Оңтүстік Корея және АҚШ журналистері шақырылып отыр.

Естеріңізге сала кетсек, ядролық нысандарды жабу туралы келісімге екі Корея лидерлері – Ким Чен Ын мен Мун Джэин сәуірдің 27-де өткен тарихи кездесуде қол жеткізді.

Арыстан РЫСБЕК

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу