Стамбулда АҚШ-тың Иерусалимде елшілік ашуына қарсы ауқымды шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Стамбулда АҚШ-тың Иерусалимде елшілік ашуына қарсы ауқымды шеру өтті

15.05.2018

Стамбулдың Истиклал көшесінде АҚШ-тың Иерусалимде елшілік ашуына қарсы ауқымды шеру өтіп, оған сан мың адам қатысты. Сонымен қатар, демонстранттар Израильге қарсы ұрандар көтерді.

Манифестанттар қолдарына Палестинаның туын ұстап, Таксим алаңынан да жүріп өткен.

Айта кетсек, Израиль жауынгерлері 2014 жылдан бері алғаш рет бір күнде ондаған палестиналықты өлтіріп отыр. Сол үшін Тель-Авивті Франция мен Ұлыбритания ұстамдылыққа шақырса, Түркия еврей мемлекетінің кешегі әрекетін «қырғын» деп атады.

Арыстан РЫСБЕК

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу