Израиль әскері Иерусалимде АҚШ елшілігі ашылған күні Газа секторымен арадағы шекарада 58 палестиналықты мерт қылды. Тағы 2700-дей адам жараланған. Бұл турасында Палестинаның Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеп отыр. Алайда, қантөгіс ашынған халықты тоқтатар емес. Газа ауқымды шеруге әзірленіп жатыр.
Сарбаздар Израиль аумағына өтпек болған демонстранттарды тарату үшін оқ атып, көз жасаурататын газ қолданды. Осы оқиғаға байланысты халықаралық қауымдастық Израиль үкіметін сабырға шақырған. Ал, Түркия президенті Реджеп Тайып Эрдоған Газа шекарасындағы жағдайды «геноцид» деп атады. Ал, АҚШ Израильді қолдап, «зорлық-зомбылықты қоздырды» деп «Хамас» қозғалысын айыптап отыр.
Мадина РАХЫМБЕК
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.