Конгоның Касаи ауданында 770 мың бала асқа жарымай жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Конгоның Касаи ауданында 770 мың бала асқа жарымай жүр

11.05.2018

Конго Демократиялық Республикасының Касаи ауданында 770 мыңдай бала асқа жарымай жүр. Олардың дені беске толмаған бүлдіршіндер. Бұлардың барлығы биыл аштықтан көз жұмуы мүмкін. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры мәлім етіп отыр.

ЮНИСЕФ ұсынған деректерге сай, азаматтық соғыстың кесірінен аймақта 220 аурухана қирап, гуманитарлық көмек көрсету инфрақұрылымдары қалмаған. Ал, азық-түлік тапшылығының кесірінен мұнда тырысқақ эпидемиясы басталды.

Сонымен қатар, елдегі саяси және экономикалық тұрақсыздыққа байланысты Касаи фермерлері үшінші жыл қатарын алмай отыр.

Жағдайды  өзгерту үшін 88 миллион доллар қажет. Алайда, гуманитарлық бағдарлама бойынша бұл сомманың тек 25 пайызы ғана жиналған.

Мадина РАХЫМБЕК

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу