АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынмен маусымның 12-де Сингапурде жүздеседі. Бұл туралы Ақ үй қожайны өзінің «Твиттердегі» парақшасында жазған.
Трамп пен Ким кезедесуді өткізу туралы наурыздың басында уағдаласқан болатын. Мұндай ұсыныс Солтүстік Корея басшысынан түсті.
Бұған дейін АҚШ-тың бірде-бір президенті Корея Халықтық Демократиялық Республикасының ешбір лидерімен бетпе-бет кездеспеген еді.
Айта кетсек, Трамп та, Ким Чен Ын де бұл жүздесудің өте сәтті өтетініне және Корей түбегіне жағымды өзгерістер әкелетініне сенімді.
Мадина РАХЫМБЕК
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.