Қытайда нөсер жауын тасқынға ұласты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда нөсер жауын тасқынға ұласты

10.05.2018

Су тасқынынан қазір Қытай халқы да зардап шегіп отыр. Елдің оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономдық ауданындағы Лучуанг провинциясында толассыз жауған жауынның кесірінен көшелер өзендерге айналды. Сәрсенбі күні басталған нөсер салдарынан мұнда судың деңгейі 1,5 метрге көтерілген. Талай ғимарат пен көліктер су астында қалды.  Қазір апат жайлаған аймақта құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу