Үш америкалық Солтүстік Кореядан босатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үш америкалық Солтүстік Кореядан босатылды

10.05.2018

Солтүстік Кореяда батыс елдері мүддесі үшін тыңшылықпен айналысты деген айыппен жазаларын өтеп келген үш америкалық босатылды. Олар мемлекеттік хатшы Майк Помпеомен бірге Құрама Штаттарға ұшып барған. Бостандыққа шыққандар - Солтүстік Кореяда қамауда 2015 жылдан бері отырған 65 жастағы Ким Дон, 2017 жылдан бері отырған Ким Хак Сон мен Тони Ким. Олар Оңтүстік Корея тумалары болғанымен,  АҚШ азаматтығын алған.  

Олардың бостандыққа шығуына Пхеньян, Вашингтон, Сеул мен Бейжің арасындағы қатынастардың ілгерілей бастауы себеп. Оңтүстік Корея президентімен кездесуден кейін Солтүстік Корея лидері ядролық бағдарламаны тоқтататынын мәлімдеген еді. Қазір Ким Чен Ынның АҚШ президенті Дональд Трамппен алдағы кездесуін өткізу жоспарланып жатыр.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу