Тегеран ядролық келісімді Вашингтонның қатысуынсыз-ақ жүзеге асыра береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тегеран ядролық келісімді Вашингтонның қатысуынсыз-ақ жүзеге асыра береді

10.05.2018

Бұл турасында Иран президенті Хасан Рухани халыққа жасаған үндеуінде мәлім еткен.

Мемлекет басшысы АҚШ-ты проблемалық серіктес деп атап, Вашингтон өз мойнына алған міндеттерді атқармайтынын атап өтті. Оның айтуынша, АҚШ келісімнің жалғыз мүшесі емес, сол себепті, Иранның Сыртқы істер министрлігі жақын арада қалған қатысушылар - Қытай, Ресей және Еуропа елдерімен осы мәселеге қатысты келіссөздер өткізеді. 

Айта кетсек, сейсенбіде Дональд Трамп АҚШ Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келісімнен шығатыны туралы жариялағанды.

 

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу