Никол Пашинян премьер-министрлікке сайланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Никол Пашинян премьер-министрлікке сайланды

08.05.2018

Соңғы екі аптада әлем назарын өзіне аударған Арменияда ел парламенті бүгін оппозициялық «Елк» партиясының жетекшісі Никол Пашинянды премьер-министр етіп сайлады. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, оның кандидатурасын 59 депутат қолдап, 42-сі қарсы дауыс берген. Үкімет басшысы лауазымына тағайындалу үшін оған 53 дауыс қажет болған еді. Пашинян бұл қызметке ұсынылған жалғыз үміткер болды. Бұған дейінгі премьер-министр Серж Саргсян оппозиция жақтастарының ауқымды шерулеріне байланысты отставкаға кеткен болатын.

Бұдан бөлек, елдегі наразылық акциясы биліктегі парламенттік коалицияның ыдырауына әкелді.

Мадина РАХЫМБЕК

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу