Бүгін шерушілер лидері Никол Пашинян билікке берілмейтінін ескертіп, азаматтық бағынбау акциясын әрі қарай жалғастыруға шақырды.
Айта кету керек, кеше ел парламенті Пашинянды премьер етіп сайлаудан бас тартты. Содан кейін оппозиция жақтастары елдің көптеген магистральдарын жауып, Ереван әуежайына баратын жолды да бөгеді.
Депутаттар үкімет басшысын таяуда тағы да таңдап көреді. Егер онда министрлер кабинетінің жетекшісі анықталмайтын болса, парламент таратылып, мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өтеді.
Арыстан РЫСБЕК