Рим орталығында футбол фанаттарының тәртібін 1000-нан астам полицей қадағалайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рим орталығында футбол фанаттарының тәртібін 1000-нан астам полицей қадағалайды

02.05.2018

Италия астанасы орталығындағы туристік кварталдарға мыңнан астам полицей қойылды. Өйткені, мұнда Рим және Ливерпуль командалары арасында футболдан жартылай финал өтеді.

Қауіпсіздік шараларының күшейтілуіне Рим фанаттарының қарсы жақтан бір адамға шабуыл жасап, оны комаға түсіруі себепші. Тәртіп сақшылары болса, енді мұндай оқиғаға жол бермейтінін мәлімдеп отыр. Ал, «Ливерпуль» жанкүйерлері қауіпсіздікке алаңдамайтынын айтып, өзге фанаттар тек матч тамашалаумен шектеледі деп үміт білдірді.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу