Арменияда оппозиция басшысы Никол Пашинянның жақтастары қайта шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арменияда оппозиция басшысы Никол Пашинянның жақтастары қайта шеруге шықты

02.05.2018

Демонстранттар Ереванның ішіндегі, сонымен қатар, әуежайға апаратын жолдарды жауып тастаған. Наразылық акциясының қайта жандануына парламенттің кеше Пашинянды премьер-министр етіп сайламауы түрткі болды.

Шеру бейбіт түрде өтіп жатыр. Дегенмен, әуежайға апаратын жолда көлік кептелісі түзіліп, ол жерге полиция күштері тартылып жатыр.

Кандидатурасын парламент құптамағаннан кейін Пашинян өз жақтастарын азаматтық бағынбаушылық акциясын өткізуге шақырған еді. Ал, Армения үкіметінің жетекшісін тағайындау жөніндегі келесі дауыс беру процедурасы мамырдың 8-де өтеді.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу