Арменияда оппозиция лидері Никол Пашинян өз жақтастарын азаматтық бағынбаушылық акциясын өткізуге шақырды. Бір топ адам алдында сөйлеген сөзінде ол бүгін әуежай, темір жол жабылатынын ескертті. Бұған дейін парламент Пашинянды премьер-министр етіп тағайындаудан бас тартты. Оппозиция лидеріне басқарушы Республикалық партия депутаттары қарсы дауыс берген. Пашинян үкімет басшысы лауазымына жалғыз кандидат болып тіркелген еді. Ал бұған дейін өз кандидатурасы құпталмаса, елді цунами күтіп тұр деп мәлімдеді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ