Ресейдің Сирияда соғысқан жеке меншік әскери компаниясының қызметкерлері еліне оралды. Дамасктен жеткен ұшақ Краснодар аймағындағы Молкино деген базаға бет алған. Мұны бүгін «Рейтер» агенттігі хабарлады. Алайда, Кремль олардың Ресей армиясына қатысы жоқ деп отыр.
Бейресми мәліметтерге қарағанда, Сирияда Асад армиясына оппозиция басып алған жерлерді қайтаруға көмектесу үшін Ресейден келісімшартпен 2 мыңнан астам адам барған. Бірақ, олардың неліктен оралып жатқаны әзірге белгісіз.
Арыстан РЫСБЕК