Мұны бүгін ел парламентінің вице-спикері Эдуард Шармазанов геноцид құрбандарын еске алу рәсімі кезінде мәлімдеді.
Оппозиция лидері Никол Пашинян да дүйсенбі күні Республика алаңында өткен митингте билікті ауыстыру жөніндегі кездесудің сәрсенбі күні ұйымдастырылатынын айтқан еді.
Арменияда сәуірдің 13-де басталған наразылық акциялары нәтижесінде премьер-министр Серж Саргсян кеше отставкаға кетті. Содан кейін үкімет басшылығына бұрынғы премьер Карен Карапетян уақытша тағайындалды.
Арыстан РЫСБЕК