Германияның Ганновер қаласында ең ірі өндірісік жәрмеңке өтіп жатыр. Биылғы шараның негізгі тақырыбы - ықпалдасқан өндіріс пен энергетика. Бұл бизнес-процестердің сандық интеграциясын білдіреді. Көрмеге әлемнің 75 елінен барған 5 мыңнан астам компания қатысып жатыр. Олар автоматтандыру, энергетика және энергияның тиімділігі, зерттеулер мен технологиялар, жасанды интеллект, адамдар мен роботтардың өзара қарым-қатынасына қатысты соны технологияларын апарған.
Бұдан бөлек, жәрмеңке аясында мыңдаған форум, презентация, конференция өтеді. Былтыр көрмеге 225 мыңнан астам адам қатысты. Ұйымдастырушылардың болжамынша, дәстүрлі жәрмеңкені тамашалауға баратындардың саны биыл да аз болмайды. Шара сәуірдің 27-не дейін жалғасады.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ