БҰҰ ядролық келісімді сақтауға үндеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ ядролық келісімді сақтауға үндеді

23.04.2018

Иранмен арада 2015 жылы жасалған ядролық келісім бұзылмауы тиіс. Мұны Біріккен Ұлттар Ұйымының қарусыздану жөніндегі жоғары өкілі Идзуми Накамицу мәлімдеді.

АҚШ президенті Дональд Трамп еуропалық одақтастарына бұл келісімнің шарттарын қатаңдатуға мамырдың 12-не дейін уақыт берді.

Естеріңізе сала кетейік, әлем державалары мен Иран жасаған пәтуаға сәйкес, Тегеран ядролық бағдарламасын тоқтатқаны үшін халықаралық санкциялардан босатылды.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу