БҰҰ Бас хатшысы Қауіпсіздік кеңесінің тиімсіздігін мойындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ Бас хатшысы Қауіпсіздік кеңесінің тиімсіздігін мойындады

23.04.2018

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гуттереш Қауіпсіздік кеңесінің тиімсіздігін мойындады. Бұл туралы ол шетелдік телеарналардың біріне берген сұхбатында мәлімдеген. Оның айтуынша, суық соғыс қайтsп келді, ал, Қауіпсіздік кеңесінде құрылымдық мәселелер аз емес.

Сонымен қатар, Бас хатшы Қауіпсіздік кеңесі қазіргі реалияларға сай келмейді және әлемдегі күштер теңгерімін қамтып көрсетпейтінін атап айтты. Сондай-ақ, Гуттереш Біріккен Ұлттар Ұйымы Сириядағы дағдарысты реттеуге қауқарсыз екенін мойындаған. Оның пікірінше, ұйым толықтай реформалауды талап етіп отыр. «Алайда, Қауіпсіздік кеңесінің жұмысына өзгерістер енгізбей, мұны орындау мүмкін емес», - дейді Бас хатшы.

 

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу