Перу полициясы биыл Ресейде өтетін Футболдан әлем чемпионаты туралы 20 мыңнан астам жалған стикерлер кітапшасын тәркіледі. Заңбұзушылар оларды 350 мың долларға саудаламақ болған. Бұл кітапшалардың 80 пайызы Перуде, қалған 20 пайызы Еуропаға жіберілуі тиіс болған.
Осы оқиғаға байланысты екі адам ұсталды. Оларға алаяқтыққа барды, интеллектуалдық жеке меншікке нұқсан келтірді деген айып тағылмақ.
Айта кетсек, әлем чемпионатының стикерлерін жасаумен негізінен италиялық «Панини» компаниясы айналысады.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ