Америкалық лидер өзінің Ресейге деген қарым-қатынасы жайында айтып берді. «Президент Дональд Трамптан басқа ешкім Ресейге сонша қатты қарамайды», - деді ол Жапония премьер-министрі Синдзо Абэмен баспасөз маслихатында.
Сонымен қатар, ол егер қажет болған жағдайда Мәскеуге қарсы жаңа санкцияларды енгізуге әзір екенін мәлімдеген.
Дегенмен, Ақ үй қожайыны Құрама Штаттардың Ресей және Қытаймен қарым-қатынастарының қалпына келуі тараптар үшін жағымды өзгеріс болатынын да атап өтті.
Мадина РАХЫМБЕК
