Ресей үкіметі америкалық санкцияларға жауап қайтару туралы заң жобасын мамырдың 15-де талқыға салмақ. Мемлекеттік Дума депутаттары «бұл санкциялар тек АҚШ-ты ғана емес, оларға қосылып отырған өзге мемлекеттерді де қамтуы мүмкін», - дейді.
Заң жобасына сай, америкалық ауылшаруашылық, ішімдік және темекі өнімдерін, сондай-ақ, дәрі-дәрмектерін елге кіргізуге тыйым салынады. Сонымен қатар, Ресей мен АҚШ-тың атом, авиа және зымыран қозғалтқыштары құрылысы саласындағы серіктестігін тоқтату қарастырылып отыр.
Мадина РАХЫМБЕК