Ресей Мемлекеттік Думасына АҚШ тауарларына шектеу қою жобасы ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей Мемлекеттік Думасына АҚШ тауарларына шектеу қою жобасы ұсынылды

13.04.2018

Ресей Мемлекеттік Думасына АҚШ-тың санкцияларға жауап беру туралы заң жобасы енгізілді. Заң шығарушылар АҚШ-тан келетін дәрі, алкоголь, темекі өнімдеріне шектеу қоюды қолдайды. Ресейлік зауыттарда жасалған зымыран қозғалтқыштарын тасымалдауды тоқтату жағы да қарастырылып жатыр. Сондай-ақ, Құрама Штаттармен бірге олардың Ресейге жариялаған санкцияларын қолдайтын елдермен де атом, авиақұрылыс салаларында халықаралық ынтымақты доғармақ. Ресей нарығында америкалық тауарларға шектеу қоюды сәуірдің 11-де Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев ұсынған еді. Мәскеудің контрсанкциялары Вашингтонның өткен аптада ресейлік ондаған бизнесмен, шенеунігіне қарсы жариялаған шектеу шараларына жауабы болмақ.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу