Сириядағы соғысқа жол берілмеуі керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сириядағы соғысқа жол берілмеуі керек

13.04.2018

Мәскеудің ниеті – Сириядағы соғысқа жол бермеу. Бұл турасында Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Ресейдің тұрақты өкілі Василий Небензя Қауіпсіздік кеңесінің жабық түрде өткен отырысынан кейін мәлім етті.

Дипломаттың сөзінше, халықаралық қауымдастық қазір дәл осы бағытта әрекет етуі тиіс.

Сонымен қатар, таяуда белгілі болғандай, Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы Сирияға арнайы делегация жіберген. Мамандар Дамаск маңындағы Дума қаласында химиялық шабуылдың болған, болмағанын анықтауы тиіс. Бұл миссия сәуірдің 14-де жұмысын бастайды. 

Ал, Германия Сирияға қарсы қандай да соғыс әрекеттеріне қатыспайды. Бұл туралы канцлер Ангела Меркель Дания премьер-министрі Ларс Лекке Расмуссенмен бірге өткізген баспасөз мәслихатында жариялаған.

Дегенмен, Меркель «Берлин Сириядағы жағдайға байланысты қолданылуы мүмкін барлық шаралар спекторын қарастыруы тиіс», деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Германия Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесінің жұмысын қолдауға әзір.

 

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу