Трамп Сирияға соққы беру мерзімі жайлы айтқан жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп Сирияға соққы беру мерзімі жайлы айтқан жоқ

12.04.2018

АҚШ президенті Дональд Трамп Сирияға нақты қашан соққы берілетіні жайлы айтқан жоқ. Өзінің «Твиттердегі» парақшасында ол бұл «жақын арада болуы да, болмауы да мүмкін» деп жазған. Мәлімдемеде «Қайткенде де менің әкімшілігімнің бастауымен АҚШ аумақты «Ислам мемлекеті» тобынан босату бойынша үлкен жұмыс атқарды. Ал бізге «Америка, рахмет» дегендері қайда?» делінген.

Ал Мәскеу болса, АҚШ-ты Сириядағы жағдайды одан ары шиеленістіруі мүмкін әрекеттерден бас тартуға шақырып отыр. Бұл жайында президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.

Кремль өкілі кез келген бұрыс қадам сириялық дағдарысты реттеу процесіне кері әсерін тигізуі ықтимал екенін атап өтті.

Айта кетсек, таяуда Дональд Трамп Ресейге Сирияға жіберілген «жақсы, жаңа, әрі ақылды» зымырандарды ұшырып түсіруге дайындалу қажет екенін ескерткен болатын.

Мадина МҰҚАНОВА

Хабарламаларға жазылу