Ресей АҚШ ұсынған қарарға вето қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей АҚШ ұсынған қарарға вето қойды

11.04.2018

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі Сириядағы химиялық шабуылды тергеуге қатысты АҚШ-тың ұсынған қарары бойынша дауыс берді. Құжатты 12 мүше ел қолдап, Боливия мен Ресей қарсы болды. Ал, ресейлік резолюция жобасы әзірге дауысқа салынған жоқ.

Құрама Штаттардың қарары қабылдануы үшін оны тоғыз мемлекет мақұлдауы тиіс еді. Алайда, Ресей Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі ретінде өзінің вето қою құқығын пайдаланды.

Ресей өз қарарының жобасын дайындағаны жайлы сейсенбі күні «Рейтер» агенттігі хабарлаған. Олардың нені ұсынатыны әзірге белгісіз. Дегенмен, бұған дейін Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеу Сирияда болған оқиғаны химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымдар тексеруі тиіс деп санайтынын алға тартқан болатын.

 

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу