Ертең Әзірбайжанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Теріскейдегі көршіміз саяси науқанға қызу дайындалып жатыр. Енді жаңа конституция бойынша мемлекет басшысы бұрынғыдай бес жылға емес, 7 жылға сайланады. Негізгі үміткер - қазіргі президент Ильхам Әлиев. Сарапшылар оның жеңіске жетеріне еш шүбә келтірмейді. Сайлауалды дайындық жайлы Бакуден Дулат Жексенбайұлы тікелей байланысқа шығып баяндайды.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ