Словакияда журналистің өліміне қарсы шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Словакияда журналистің өліміне қарсы шеру өтті

06.04.2018

Словакияның 20 қаласында ондаған мың адам полиция басшысын қызметтен кетіруді талап етіп шерулетті. Оппозицияның бастамасымен ұйымдастырылған митингіге барлығы 45 мыңдай адам қатысқан.

Демонстранттар журналист Ян Куциактың өлімін тергеудің ұзаққа созылуына және жауаптылардың әлі күнге дейін табылмауына қарсы шықты. Айта кетсек, марқұм Ян Куциак пен оның қалыңдығының денелері ақпанның соңында табылған еді. Ал, мұның алдында журналист италиялық мафия ұйымының Словакия саясаткерлерімен  байланысын зерттеп, тергеп жүрген болатын. Оның қазасы елдің азаматтық белсенділерінің наразылығына тап  болды.

Осыған орай тоқтамай жатқан шерулерден соң премьер-министр мен оның екі көмекшісі, ішкі істер және мәдениет министрлері қызметтерінен кетті

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу