«Боракай» аралы жарты жылға жабылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Боракай» аралы жарты жылға жабылады

05.04.2018

Филиппин билігі туристер арасында аса танымал «Боракай» аралын 6 айға жабу туралы шешім қабылдады. Бұған 10 шаршы шақырым аумақты алып жатқан табиғаты сұлу арал суының ластануы себеп. Жергілікті фирмалар кәріз суларын тікелей теңізге төгіп келген екен. Филиппин президенті Родриго Дутерте жағдайды одан әрі ушықтырмас үшін туристік орынды бірден жабуға тапсырма берді.

Айта кетсек, былтырдың өзінде ақ құмымен белгілі тропикалық «Боракайға» 2 млн. турист демалуға барған. Арал жабылса, онда қызмет көрсететін 500-ден астам фирма шығынға батады. Былтыр олар осы жерде жалпы алғанда 1 миллиард доллар кіріс тапқан. Дегенмен, үкімет бұл фирмаларға қаржылай көмек беретінін мәлімдеді.  

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу